Байғанин ауданының Қызылбұлақ ауылдық округінің әкімін сайлауын тағайындау туралы
ҚАУЛЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Байғанин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қызылбұлақ ауылдық округінің әкімін сайлауы 2023 жылғы 18 маусымға тағайындалсын.
- Байғанин ауданы Қызылбұлақауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну мерзімі 2023 жылғы 11 мамырда басталып, 2023 жылғы 23 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегіздеаяқталады.
- Байғанин ауданы Қызылбұлақ ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2023 жылғы 28 мамырда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.
- Осы қаулы аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Жем-Сағыз» газетінде жариялансын.
Төраға Қ. Аққожа
Хатшы Ж.Бакбергенов
№7
2023 жылғы 10 мамыр
Қарауылкелді ауылы