Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

 

Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан  Республикасының «Ветеринария туралы»  Заңының 10-1 бабының  7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Байғанин аудандық  аумақтық  инспекциясы  басшысының 2023 жылғы  15 наурыздағы     №02-08-04/35 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

  1. Мүйізді ірі  қара малдары  арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округінің  Қарауылкелді ауылы  Әшім Төленов көшесі №19, Қазақстан көшесі №77 А, Мәншүк Мәметова №6, Құрманғазы көшесі №39 үйлеріне шектеу  іс-шаралары белгіленсін.
  2. «Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

         1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Дата публикации
16 марта 2023