«Бекітемін»
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Төрағасы
_________ Д. Жазықбаев
2023 жылғы «17» ақпан
«Үздік ауыл әкімі»
республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу
бойынша әдістемелік нұсқаулық
Ауыл әкімі халықпен тікелей өзара іс-қимылда болады және байланыс орната алу қабілеті мен өзекті мәселелер бойынша уақтылы шешім қабылдай білуі оның қызметінің негізгі құрауышы болып табылады.
Әкім жергілікті деңгейде халықтың арасынан шыққан мемлекеттік саясатты жүргізуші болып табылады және халықта, оның іс-қимылы бойынша тиімді әрекет ететін мемлекеттік басқару жүйесіне көзқарасы қалыптасады.
1) Конкурстың мақсаты - жұмыста жоғары тәжірибелік нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосқан үздік ауыл әкімдерін анықтау және көтермелеу;
ауыл әкімдерінің, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру;
қоғамның мемлекеттік билікке деген сенімін нығайту;
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласында алдыңғы қатарлы жұмыс тәжірибесін кең ауқымда насихаттау.
1) I кезең – өңірлік, облыстық деңгейде өткізіледі;
2) II кезең – республикалық, республикалық деңгейде өткізіледі.
Екінші кезеңнің нәтижесі (қорытындысы) бойынша Конкурстың жеңімпаздары анықталады.
Конкурстың нәтижелері Республикалық комиссияның шешімімен анықталады.
ІІ. Конкурсты өңірлік деңгейде ұйымдастыру және өткізу
Өңірлік комиссия Департаменттің жанында құрылады және 7 адамнан және хатшыдан тұрады.
Өңірлік комиссия мемлекеттік органдардың, мәслихат, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатарынан, қоғам қайраткерлерінен және өзге де тұлғалардан құрылады. Өңірлік комиссияның төрағасы Департаменттің басшысы болып табылады.
Өңірлік комиссияның төрағасы комиссияның қызметіне басшылық жасайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады. Конкурстық комиссияның шешімдерін қабылдау кезінде даулы мәселелер туындаған жағдайда, конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Өңірлік комиссияның отырысы комиссия құрамы мүшелерінің жартысынан артық бөлiгi қатысса, заңды деп есептеледi.
Әрбір үміткер бойынша шешім Өңірлік комиссия мүшелері бағалау парағында (осы Әдістемеге № 7 қосымшаға сәйкес) қойған баллдарды есептеу және Конкурсқа қатысушының рейтингісін құрастыру арқылы қабылданады.
Отырыс қорытындысы Өңірлік комиссия төрағасы және хатшысы қол қойған хаттамамен (осы Әдістемеге № 8 қосымшаға сәйкес) ресімделеді.
Өңірлік комиссия қызметінің ұйымдастырылып, сүйемелдеуін Департаменттің және Әкімдіктің қызметкерлері жүзеге асырады.
1) үміткерлердің құжаттарын қабылдауды жүзеге асырады;
2) комиссия отырыстарын ұйымдастырады;
3) комиссия отырысының хаттамасын ресімдейді және Конкурс қорытындылары бойынша жеңімпаздың материалдарын қалыптастырады;
4) мемлекеттік органдардың ресми сайттарында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру үшін Конкурс нәтижелері туралы ақпаратты береді.
ІІІ. Конкурсты республикалық деңгейде ұйымдастыру және өткізу
Республикалық комиссия 7 мүшеден және Агенттіктің қызметкері болып табылатын хатшыдан тұрады.
Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, халықаралық, қоғамдық және ғылыми-білім беру ұйымдарының басшылары (өкілдері), БАҚ өкілдері қоғам қайраткерлері және өзге тұлғалар енгізілуі мүмкін.
Республикалық комиссия қызметінің ұйымдастырылып сүйемелдеуін Агенттіктің орталық аппаратының қызметкерлері жүзеге асырады.
Республикалық комиссияның төрағасы Агенттік төрағасының орынбасары болып табылады.
Республикалық комиссияның төрағасы конкурс комиссиясының қызметіне басшылық жасайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады. Конкурс комиссиясының шешімдерін қабылдау кезінде даулы мәселелер туындаған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Комиссия шешімі комиссия Төрағасы және хатшысы қол қойған хаттамамен ресімделеді.
1) үміткерлердің құжаттарын қабылдауды жүзеге асырады;
2) конкурстық комиссияның отырыстарын ұйымдастырады;
3) конкурстық комиссия отырысының хаттамасын ресімдейді және Конкурс қорытындылары бойынша конкурс жеңімпазының материалдарын қалыптастырады;
4) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру үшін конкурс нәтижелері туралы ақпаратты береді.
Конкурсқа бір жыл ішінде Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны, мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа, сондай-ақ қоғамдық имандылққа қолсұғумен ұштасқан қоғамға қарсы мінез-құлық көрсетіп әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған әкімдер қатыса алмайды.
БАҚ ақпараттық сүйемелдеу жергілікті атқарушы органдармен жүзеге асырылады.
Конкурс туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап ауыл әкімдері (бұдан әрі – үміткер) аудан/қала әкімі аппаратына келесі құжаттар мен материалдарды жолдайды:
1) осы Әдістемеге № 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) осы Әдістемеге № 2 қосымшаға сәйкес үміткердің сауалнамасы;
3) атқарылған жұмыс туралы ақпаратты еркін форматта ұсыну (бейнеролик, презентация түрінде немесе т.б. );
4) үміткердің кентті, ауылды, ауылдық округті алдағы 3 жылда дамытуға бағытталған (таныстырылым көлемі 7 слайдтан аспайтын) жобалық жұмыс;
Құжатарды қабылдағаннан кейін қала/аудан әкімі аппаратының жауапты қызметері үш жұмыс күн ішінде әр үміткерге осы Әдістемеге № 6 қосымшаға сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы ақпаратты (тартылған инвестициялар көлемі, ашқан жұмыс орындары, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі, көші-қон деңгейі, қылмыс деңгейі) және қызметтік тізімдерді («Е-қызмет» ЫАЖ-нен) қалыптастырады.
2023 жылғы 27 наурыздан бастап 10 жұмыс күні ішінде аудан/қала әкімі аппараты кент, ауыл, ауылдық округ әкімдіктерінде мемлекеттік қызмет көрсетудің деңгейін, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін, әкімнің халықпен кері байланыс орнатуы (жеке қабылдаулары, әлеуметтік желілердегі белсенділігі, БАҚ-тағы жарияланымдары, халықпен кездесулері, жиындары т.б.) және үміткерлердің жұмысындағы т.б. қоғамдық маңызы бар мәліметтерді бағалау жолымен Конкурсқа қатысу үшін үміткерлерге іріктеу жүргізеді.
Ішкі іріктеу барысында аудан/қала әкімі аппараты Әдістеменің
11-тармағына сәйкес ұсынылған материалдардың толықтығын тексереді және сауалнамалық мәліметтерін (осы Әдістемеге № 3 қосымша), жобалық жұмыстарды (осы Әдістемеге № 4 қосымша) және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді (осы Әдістемеге № 6 қосымша) бағалайды.
Бір аудан/қаладан ең көп балл жинаған 3-тен көп емес үміткерлер өңірлік деңгейдегі конкурсқа қатысу үшін үміткер ретінде айқындалады.
Конкурс материалдарына осы Әдістеменің 11-тармағында көрсетілген материалдар қоса беріледі. Сондай-ақ, аудан/қала әкімінің қолы қойылған үміткер туралы және оның кент, ауыл, ауылдық округтің дамуы бойынша атқарған қызметі мен жеткен жетістігін көрсете отырып, анықтамалық ақпарат ұсынылады (анықтама А 4 форматында, көлемі 2 беттен көп емес, 14-ші шрифт Times New Roman).
1) осы Әдістеменің 8-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес болмаған жағдайда;
2) осы Әдістеменің 11-тармағында көрсетілген құжаттарды толық емес түрде немесе құжаттарды қабылдауды аяқтаудың белгіленген мерзімі өткеннен соң конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
1) осы Әдістемеге № 3 қосымшаға сәйкес үміткерлер сауалнамаларын бағалау;
2) осы Әдістемеге № 4 қосымшаға сәйкес жобалық жұмыстарын адын ала бағалау;
3) әдеп жөніндегі уәкідің мінездемесі;
4) осы Әдістемеге № 5 қосымшаға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бағасы.
5) осы Әдістемеге № 6 қосымшаға сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері;
Әңгімелесу кезінде Өңірлік комиссия үміткерлердің сауалнамалық деректерін, жеке жобалық жұмысындағы ұсыныстарының креативтілігін, мемлекеттік наградалары мен жариялымдарының, ғылыми атағы мен дәрежесінің бар-жоқтығын, спорттық және қоғамдық қызметін, мемлекеттік қызметшінің әдебін сақтау бойынша сауалнаманың, жергілікті қоғамдастықтың бағасының қорытындыларын, әкімнің халықпен кері байланыс орнатуын (жеке қабылдаулары, әлеуметтік желілердегі белсенділігі, БАҚ-тағы жарияланымдары, халықпен кездесулері, жиындары т.б.), өз бастамасы бойынша халықтың жағдайын жақсартуға, сол өңірді дамытуға бағытталған жұмыстарының нәтижесін назарға алады.
Сонымен бірге, Өңірлік комиссия осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген аудан/қала әкімінің анықтамалық ақпаратын ескереді.
Егер үміткерлер баллдың тең санын жинаған жағдайда, басымдылық күрделі жобаларды іске асыратын, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгеретін, халыққа барынша «ашық», оған қатысты азаматтардан дәйекті арыз-шағымдар түспеген немесе ең аз түскен әкімдерге беріледі.
Әңгімелесу 2023 жылғы 25 сәуірге дейін өткізіледі.
Академия Республикалық комиссия хатшысының келісімімен
2023 жылғы 12 мамырға дейін ситуациялық (кейстік) тапсырмаларды әзірлеп, оны өткізу тәсілін бекітуі қажет.
Академия үміткерлермен ситуациялық (кейстік) тапсырмаларды шешу бойынша әңгімелесуді (ауызша немесе жазбаша) 2023 жылғы
22 мамырға дейін өткізіп, нәтижесін Республикалық комиссияда қарау үшін өткізілгеннен кейін 2 жұмыс күн ішінде Агенттікке ұсынады.
Республикалық конкурстық комиссияның алдында жобалық жұмысты қорғау бетпе-бет (келу арқылы) немесе бейнебайланыс арқылы қашықтықтан жүзеге асырылады. Бұл ретте, баяндамаға 5 минуттан аспайтын уақыт беріледі, осы уақыт ішінде ұсынып отырған жобаның мәні мен мақсатын, сондай-ақ жүзеге асыру кезінде туындауы мүмкін мәселелерді, жүзеге асыру кезеңдерін және күтілетін нәтижесін ашып көрсету қажет (осы Әдістемеге № 4 қосымшаға сәйкес).
Республикалық комиссияның шешімі 2023 жылғы 15 маусымынан кешіктірілмей қабылданады.
VІ. Конкурстың қорытындысын шығару