Байғанин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 399 «Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Байғанин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 399 «Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Байғанин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 399 «Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

шешімнің кіріспесінде «2001 жылғы 23 қаңтардағы», «1997 жылғы 16 сәуірдегі», «2016 жылғы 6 сәуірдегі» сөздері алынып тасталсын.

  1. Көрсетілген шешімнің қосымшасында 1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

            кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

            коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

            мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

Белгіленген нормалар шегіндегі шығыстардың шекті жол берілетін деңгейі 5 (бес) пайызы мөлшерінде белгіленеді.»

8 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«8. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.»

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Байғанин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 399 «Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
23 февраля 2023