2023-2025 жылдарға арналған Жаңажол ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-1 бабына және Қазақстан  Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2023-2025 жылдарға арналған Жаңажол ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 43 634 мың теңге, оның ішінде:

 салықтық түсімдер – 13 407 мың теңге;

 салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

 негізгі капиталды  сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

 трансферттер түсімі – 30 227 мың теңге;

 2) шығындар – 43 634 мың теңге;

 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:

 бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

 бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

 қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

 мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

 5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге, оның ішінде:

 қарыздар түсімі – 0 теңге;

 қарыздарды өтеу – 0 теңге;

 бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. Қазақстан Республикасының «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9-бабына сәйкес белгіленгені ескерілсін және басшылыққа алынсын:

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) жалақының ең төменгі мөлшері – 70 000 теңге;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес  жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да  төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 3 450 теңге;

3) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 40 567 теңге болып белгiленсiн.

  1. 2023 жылға аудандық бюджеттен ауылдық округ бюджетіне берілетін субвенция 30 227 мың теңге сомасында көзделді.
  2. 2023 жылға арналған ауылдық округ бюджетіне республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түскені ескерілсін:

1) азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге.

  1. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
қосымша
Дата публикации
29 декабря 2022