Байғанин аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы

Байғанин аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 9-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1-тармағына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихатттар депутаттарының санын айқындау туралы» Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысының негізінде Байғанин аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Байғанин аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша қаулыға қосымшаға сәйкес шекараларда 11 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері құрылсын
  2. Қаулы Байғанин аудандық мәслихатқа жіберілсін.
  3. Осы қаулы Байғанин аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
  4. 4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                            Қ. Аққожа

 

Аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                            Ж. Жанбырбаев

Байғанин аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы
Дата публикации
29 декабря 2022