2023-2025 жылдарға арналған Ащы ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы

 Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-1 бабының 2 тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты  ШЕШІТІ:

  1. 2023-2025 жылдарға арналған Ащы ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 34 221 мың теңге:     

         салықтық түсімдер – 1416 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

         трансферттер түсімі – 32 805 мың теңге;

2) шығындар – 34 221 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –            0 теңге:

қарыздар түсімі– 0 теңге;

қарыздарды өтеу– 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары– 0 теңге.

  1. Қазақстан Республикасының "2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңының 8 бабына сәйкес белгіленген еске және басшылыққа алынсын:

1) жалақының ең төмен мөлшері – 70 000 теңге;

2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш -   3 450 теңге;

3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 40 567 теңге болып белгіленгені ескерілсін.

  1. 2023 жылға арналған Ащы ауылдық округінің бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін субвенция көлемі 32 805 мың теңге сомасында бекітілсін.
  2. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
қосымша
Дата публикации
28 декабря 2022