2023-2025 жылдарға арналған Жарқамыс ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодекстің 9-1-бабының 2-тармағына және Қазақстан  Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «2023-2025 жылдарға арналған Жарқамыс ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 41 240 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 3 439 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 37 801 мың теңге;

2) шығындар – 41 240  мың теңге;

  1. Қазақстан Республикасының «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 7 - бабына сәйкес белгіленгені еске және басшылыққа алынсын:

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) жалақының ең төменгі мөлшері – 70 000 теңге;

2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 450 теңге;

3) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 40 567 теңге болып белгiленсiн.

  1. 2023 жылға аудандық бюджеттен ауылдық округ бюджетіне берілетін субвенция 37 801 мың теңге сомасында көзделді.
  2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
қосымша
Дата публикации
23 декабря 2022