Қарауылкелді ауылдық округі бойынша Қарауылкелді ауылының кейбір мән- мағынасы жоқ көше атауларын қайта атау және Кенжалы ауылының көшелеріне атау беру туралы тұрғындардың пікірін тыңдау бойынша қоғамдастық жиналысының № 2 ХАТТАМАСЫНАН үзінді
2022 жылғы 2 желтоқсан
жерг. уақытпен сағат: 10.00
Өткізілетін орны: Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің аппараты ММ-нің ғимараты, мәжіліс залы;
Қатысушылар саны: 37 адам.
(қатысушылар тізімі қосымша жалғанды)
Жиналыс төрағасы: Е.Калиев - Қарауылкелді ауылдық округі жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы.
Жиналыс хатшысы: А.Қомыт – Қарауылкелді ауылдық округі әкімі аппаратының құрылымдық бөлімше басшысы
Қатысушылар:
Қарауылкелді ауылдық округі әкімі Абитов Жумабек Аманжолович, Қарауылкелді ауылдық округі қоғамдастық кеңесі төрағасы Қалиев Ерназар Ангереевич, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бас маманы Айтжанова Роза Биахметовна, аудандық ардагерлер кеңесі мүшесі Ермекбаев Ибрагим, аудандық және ауылдық округі қоғамдастық кеңесі мүшелері және Қарауылкелді және Кенжалы ауылы тұрғындары
К Ү Н Т Ә Р Т І Б І:
«Қарауылкелді ауылының кейбір көшелерін қайта атау және Кенжалы ауылының атаусыз құрамдас бөліктеріне атау беру туралы»
Тыңдалды:
Қарауылкелді ауылдық округі әкімі - Абитов Жумабек Аманжолович
Сөз сөйлегендер:
Ауыл тұрғындары –И.Ермекбаев, Н.Өскінов,Е.Нұрниязов, Қ.Мәшібай, М.Жәңгірханова, Е.Қалиев.
Қарауылкелді ауылының Переезд – 1 көшесін мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, экономист, Байғанин өңірінің тумасы - Күзембаев Нұрдәулет атымен, Переезд – 2 көшесін 19 ғасырдағы суырып салма, дауылпаз ақын - Ақтан Керейұлы есімімен, Переезд -3 көшесін Еңбек Қызыл Ту орденді «Оймауыт» совхозының директоры, Ленин орденді, КССР-дің «Еңбегі сіңген мал дәрігері» ауданнан сайланған тұңғыш сьезд делегаты - Құлшынбаев Естілеу есімімен қайта атау ұсынысына
«Жақтады» - 37 адам
«Қарсы» - жоқ
«Қалыс қалған» - жоқ.
Кенжалы ауылының көшесіне Мәңгілік ел- атауын беру туралы ұсынысқа
«Жақтады» - 37 адам
«Қарсы» - жоқ
«Қалыс қалған» - жоқ.
Қоғамдастық тыңдауға қатысып отырған азаматтардың дауыс беру қорытындысы бойынша Қарауылкелді ауылдық округі, Қарауылкелді ауылындағы мән- мағынасы жоқ көше атауларын өзгерту және Кенжалы ауылы көшесіне «Мәңгілік ел» атауы мақұлданды.
Жиналысқа қатысқан жергілікті қоғамдастық мүшелері айтылған ұсыныстарды бір ауыздан қолдап ШЕШІМ ЕТТІ:
Жиналыс төрағасы Е.Қалиев
Жиналыс хатшысы А.Қомыт