Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квотолау қағидаларын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген бұйрығына сәйкес, Байғанин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1)елуден жүз адамға дейін-жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайыз мөлшерінде;
2)жүз бірден екі жүз елу адамға дейін- жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайыз мөлшерінде:
3)екі жүз елу бірден артық адам- жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайыз мөлшерінде белгіленсін.
2.Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ә.Жеткізгеновке жүктелсін.