Байғанин аудандық мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған Қопа ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №107 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1.2022-2024 жылдарға арналған Қопа ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1 қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 33 586 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 4 670 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімі – 28 916 мың теңге;
2) шығындар – 34 099 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -513 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –513 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 513 мың теңге.».