Байғанин аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 204 "Сайлау өткізу кезеңінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Байғанин аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 204 "Сайлау өткізу кезеңінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 98 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 2 мамырда № 6121 болып тіркелді

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Байғанин аудандық әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

  1. Байғанин аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 204 "Сайлау өткізу кезеңінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген № 4023, 2014 жылғы 10 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:

       көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. "Байғанин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулыны Байғанин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Байғанин ауданы әкімінің орынбасары Ж. Жаңабайға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Байғанин аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 204 "Сайлау өткізу кезеңінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
20 октября 2022