Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес, Байғанин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) «Байғанин ауданы аумағында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгiлеу туралы» Байғанин ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 қаңтардағы № 17 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5265 болып тіркелген) қаулысы;
2) «Байғанин ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Байғанин ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 107 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5537 болып тіркелген) қаулысы.
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.