ШЕШТІ:
«Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 ақпандағы №214 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4821 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
5 тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында (бұдан әрі - Заң) көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.»
9 тармақта 6) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«6) мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін мүгедектігі бар балалардың ата–аналарына немесе заңды өкілдеріне, білім беру кезеңіне бір мүгедектігі бар балаға, 2 (екі) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде «Байғанин аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұсынған тізімдері негізінде.»
10 тармақта 5) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«5) мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдарға 60 000 (алпыс мың) теңгеден артық емес мөлшерде;»
11 тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, он алты жасқа толмаған мүгедектігі бар балаларға және мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға уәкілетті ұйымның тізіміне сәйкес, әр адамға (кірісі есептелмей);»
14 тармақта 2) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«2) мүгедектігі бар адамдарға, Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай 50 000 (елу мың ) теңге мөлшерiнде көрсетіледі.»
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.