Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

         Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан  Республикасының «Ветеринария туралы»  Заңының 10-1 бабының  7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Байғанин аудандық  аумақтық  инспекциясы  басшысының 2022 жылғы  26 сәуірдегі     №02-08-04/100 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

  1. Мүйізді ірі қара малдарынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округінің  Жарлы ауылы  Шехетер қыстағы аумағында шектеу  іс-шаралары белгіленсін.
  2. «Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Көлтабан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

         1) осы шешімді Қазақстан Республикасының  Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

         3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Дата публикации
28 апреля 2022