2022-2024 жылдарға арналған Жарқамыс ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы

2022-2024 жылдарға арналған Жарқамыс ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодекстің 9-1-бабының 2-тармағына және Қазақстан  Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «2022-2024 жылдарға арналған Жарқамыс ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 34 189 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 2 460 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 31 729 мың теңге;

2) шығындар – 34 189  мың теңге;

  1. Қазақстан Республикасының «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 7 - бабына сәйкес белгіленгені еске және басшылыққа алынсын:

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) жалақының ең төменгі мөлшері – 60 000 теңге;

2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 063 теңге;

3) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 36 018 теңге болып белгiленсiн.

  1. 2022 жылға аудандық бюджеттен ауылдық округ бюджетіне берілетін субвенция 31 729 мың теңге сомасында көзделді.

4. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

2022-2024 жылдарға арналған Жарқамыс ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы
Дата публикации
24 декабря 2021