2022-2024 жылдарға арналған Сартоғай ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы
Қазақcтан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодекстің 9-1-бабынына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) кірістер – «28 629,0» мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – «1 409,0» мың теңге;
трансферттердің түсімдері – «27 220,0» мың теңге;
2) шығындар –«28 629,0» мың теңге;
1 қаңтар 2022 жылдан бастап:
1) жалақының ең төменгі мөлшері – 60 000 теңге;
2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 063теңге;
3) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы -36 018 теңге болып белгiленсiн.