«2021-2023 жылдарға арналған Жаңажол ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №404 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«2021-2023 жылдарға арналған Жаңажол ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №404 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

        Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-1 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «2021-2023 жылдарға арналған Жаңажол ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 404 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7892 санымен тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2021-2023 жылдарға арналған Жаңажол ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1 қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 41 307,9 мың теңге, оның ішінде:  

салықтық түсімдер – 1 210 мың теңге;  

салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;  

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;  

трансферттер түсімі – 40 097,9 мың теңге;  

2) шығындар – 41 307,9 мың теңге;  

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:  

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;  

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:  қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;  

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;  

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0,0 мың теңге;  

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0,0 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0,0  мың теңге.».

Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімдегі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

  1. «Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Байғанин аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.          

3. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

қосымша
Дата публикации
12 ноября 2021