Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің «Байғанин ауданы аумағында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгiлеу туралы» 2017 жылғы 17 қаңтардағы № 17 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) көрсетілген қаулының қазақ тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Байғанин ауданы аумағында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды айқындау туралы», орыс тіліндегі тақырыбы өзгермейді;
2) қазақ тіліндегі қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Байғанин ауданы аумағында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшiн арнайы бөлінген орындар, қосымшаға сәйкес айқындалсын», орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді.