Карантинді тоқтату және Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 9 маусымдағы №97 «Карантин белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Карантинді тоқтату және Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 9 маусымдағы №97 «Карантин белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы»  Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, Байғанин ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы  21 шілдедегі  №02-09-04/125 ұсынысы негізінде,  ШЕШТІМ:

  1. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округінің Қопа қыстағы аумағында ірі қара малдары арасынан қарасан ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринарлық іс-шаралары жүргізілуіне байланысты белгіленген карантин тоқтатылсын.
  2. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің «Карантин белгілеу туралы» 2021 жылғы 9 маусымдағы №97 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №23005 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

          4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Карантинді тоқтату және Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 9 маусымдағы №97 «Карантин белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Дата публикации
11 октября 2021