Байғанин ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 529 бабының 6 тармағына сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Байғанин ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері, қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- «Байғанин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
- осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
- осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Байғанин аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Байғанин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.