Байғанин аудандық мәслихатының 2020 жылғы  29 желтоқсандағы №408 «2021-2023 жылдарға арналған Қопа ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Байғанин аудандық мәслихатының 2020 жылғы  29 желтоқсандағы №408 «2021-2023 жылдарға арналған Қопа ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 109-1 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Байғанин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №408 «2021-2023 жылдарға арналған Қопа ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №7893 санымен тіркелген, 2020 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:  

  1 тармақта:

         1) тармақшасында:

          кірістер - «29 509,0» сандары «53 337,0» сандарымен ауыстырылсын;

трансферттер түсімі – "28 007,0" сандары "51 835,0" сандарымен ауыстырылсын;

         2) тармақшасында:

шығындар - «30 509,0»» сандары «54 337,0» сандарымен ауыстырылсын.

  1. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімдегі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
  2. «Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

  2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.  

  1. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Байғанин аудандық мәслихатының 2020 жылғы  29 желтоқсандағы №408 «2021-2023 жылдарға арналған Қопа ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
27 августа 2021