«2021-2023 жылдарға арналған Қызылбұлақ ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №409 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«2021-2023 жылдарға арналған Қызылбұлақ ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №409 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «2021-2023 жылдарға арналған Қызылбұлақ ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 409 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7891 санымен тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2021-2023 жылдарға арналған Қызылбұлақ ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 43 378,3 мың теңге, оның ішінде:

 салықтық түсімдер – 2 534 мың теңге;

 салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;

 негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

 трансферттер түсімі – 40 844,3 мың теңге;

 2) шығындар – 43 378,3 мың теңге;

 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:

 бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

 бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

 қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

 мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

 5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.».

Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімдегі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

  1. «Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Байғанин аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
«2021-2023 жылдарға арналған Қызылбұлақ ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №409 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
26 августа 2021