Байғанин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Ақтөбе облысы Байғанин ауданының сайланған ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеу туралы
ХАБАР
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Байғанин ауданының 2021 жылғы 25 шілде ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Байғанин аудандық сайлау комиссиясы сайланған әкімдерін тіркеді:
Бітімбай Сүлеймен Масабайұлы, 1963 жылы дүниеге келген, Көлтабан ауылдық округінің әкімі, Көлтабан ауылдық округінің Жарлы ауылының тұрғыны, «Nur Otan» партиясы ұсынған. Көлтабан ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Жұмабаев Асыламбек Нұрлыбекұлы, 1986 жылы дүниеге келген, Кемерши ауылдық клубының меңгерушісі, Қызылбұлақ ауылдық округі Кемерши ауылының тұрғыны, Қазақстан Халық партиясы ұсынған. Қызылбұлақ ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Махан Асқар Бітімбайұлы, 1975 жылы дүниеге келген, Сартоғай ауылдық округінің әкімі, Сартоғай ауылдық округінің Алтай батыр ауылының тұрғыны, «Nur Otan» партиясы ұсынған. Сартоғай ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Байғанин аудандық сайлау комиссиясы