Карантинді алу және Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 9 маусымдағы №97 «Карантин белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Карантинді алу және Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 9 маусымдағы №97 «Карантин белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының  Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының  «Ветеринария туралы»  Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Байғанин аудандық  аумақтық инспекция басшысының 2021 жылғы  21 шілдедегі  №02-09-04/125 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

  1. Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округінің Қопа қыстағы аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан қарасан ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шаралары жүргізілуіне байланысты, белгіленген карантин алынсын.
  2. Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 9 маусымдағы №97 «Карантин белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №23005 болып тіркелген) шешімініңкүші жойылды деп танылсын.
  3. «Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде  мемлекеттік тіркеуді;

2) осы шешімді ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 

  1.      Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Карантинді алу және Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 9 маусымдағы №97 «Карантин белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Дата публикации
23 июля 2021