«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ТУРАЛЫ» ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫНА СӘЙКЕС АУДАНДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА,АУЫЛ,КЕНТ,АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДІГІНЕ ҮМІТКЕРЛЕРІНЕ ГАЗЕТ БЕТІНЕН ОРЫН БЕРУ ТӨЛЕМІНІҢ МӨЛШЕРІ, ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ
МӘЛІМЕТ
- Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру қара-ақ түсті орындауда 1 шаршы см құны – 90 теңге;
- Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру түрлі-түсті орындауда 1 шаршы см құны - 130 теңге;
- Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдігіне үміткерлер ұсынылатын мәтіндік, фото, т.б. материалына өтініш-хатпен бірге өз қолымен (әр бетке) немесе сайлауалды үгіт құжаттарына қол қою құқығына кандидаттық сенімхаты бар тұлғаның міндетті түрде қолы қойылады;
- Сайлауалды үгіт материалы оны қаржыландыру көзі туралы ақпаратпен қоса беріледі;
- Макет жасау мен баспа орнын ұсыну үшін 100 пайыздық алдын ала төлем жасалады;
- Сайлауалды үгіт материалдарын берудің соңғы мерзімі 2021 жылғы 19 шілде күнгі жергілікті уақытпен сағат 12:30-ға дейін деп белгіленеді;
- Форс-мажорлық жағдайлар Қазақстан Республикасының жалпы белгіленген қолданыстағы заңдарымен анықталады.
Ескерту: Осы шарттарға Орталық сайлау комиссиясы түсіндірмелеріне сәйкес қосымшалар, өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Аудандық «Жем-Сағыз» ЖШС директоры Ұ.Қ.Қадір