Байғанин ауданының ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы хабар

Байғанин ауданының ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы хабар

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Байғанин аудандық сайлау комиссиясы келесідей ауылдық округтер әкіміне кандидаттарды тіркеді:

Көлтабан ауылдық округі бойынша:

  1. Бітімбай Сүлеймен Масабайұлы, 1963 жылы дүниеге келген, Көлтабан ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Көлтабан ауылдық округі Жарлы ауылының тұрғыны, «Nur Otan» саяси партиясы ұсынған;  
  2. Сатқанғали Тұрланбек Дәуленбайұлы, 1974 жылы дүниеге келген, Қарабұлақ орта мектебінің мұғалімі, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Көлтабан ауылдық округі Қораши ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған;
  3. Спанов Қайырғали Қазақбайұлы, 1981 жылы дүниеге келген, Байғанин ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылдық округі Қарауылкелді ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.

Қызылбұлақ ауылдық округі бойынша:

  1. Аденов Нұрлыбек Айсаұлы, 1982 жылы дүниеге келген, «Темірқазық» мектептен тыс аула клубының директоры, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылдық округі Қарауылкелді ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
  2. Жақасов Қайрат Тоғызбайұлы, 1981 жылы дүниеге келген, Байғанин аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылдық округі Қарауылкелді ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
  3. Жұмабаев Асыламбек Нұрлыбекұлы, 1986 жылы дүниеге келген, Кемерши ауылдық клубының меңгерушісі, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қызылбұлақ ауылдық округі Кемерши ауылының тұрғыны, Қазақстан Халық партиясы ұсынған.

Сартоғай ауылдық округі бойынша:

  1. Әбдіров Нұрбек Гайдарұлы, 1986 жылы дүниеге келген, Байғанин ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылдық округі Қарауылкелді ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
  2. Махан Асқар Бітімбайұлы, 1975 жылы дүниеге келген, Сартоғай ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Сартоғай ауылдық округі Алтай батыр ауылының тұрғыны, «Nur Otan» саяси партиясы ұсынған.
  3. Мекалаев Сәтжан Қаржаубайұлы, 1979 жылы дүниеге келген, Байғанин аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің бас маманы, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылдық округі Қарауылкелді ауылының тұрғыны, «АУЫЛ» партиясы ұсынған.
Байғанин ауданының ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы хабар
Дата публикации
14 июля 2021