Байғанин ауданының ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы хабар – 08.07.2021

Байғанин ауданының ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы хабар – 08.07.2021

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Байғанин аудандық сайлау комиссиясы келесідей ауылдық округтер әкіміне кандидаттарды тіркеді:

Қызылбұлақ ауылдық округі бойынша:

1. Аденов Нұрлыбек Айсаұлы, 1982 жылы дүниеге келген, «Темірқазық» мектептен тыс аула клубының директоры, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылдық округі Қарауылкелді ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.

2. Жұмабаев Асыламбек Нұрлыбекұлы, 1986 жылы дүниеге келген, Кемерши ауылдық клубының меңгерушісі, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қызылбұлақ ауылдық округі Кемерши ауылының тұрғыны, Қазақстан Халық партиясы ұсынған.

Байғанин ауданының ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы хабар – 08.07.2021
Дата публикации
08 июля 2021