Байғанин ауданының ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы хабар – 05.07.2021

Байғанин ауданының ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы хабар – 05.07.2021

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Байғанин аудандық сайлау комиссиясы келесідей ауылдық округтер әкіміне кандидаттарды тіркеді:

Көлтабан ауылдық округі бойынша:

1. Бітімбай Сүлеймен Масабайұлы, 1963 жылы дүниеге келген, Көлтабан ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Көлтабан ауылдық округі Жарлы ауылының тұрғыны, «Nur Otan» саяси партиясы ұсынған;  

2. Сатқанғали Тұрланбек Дәуленбайұлы, 1974 жылы дүниеге келген, Қарабұлақ орта мектебінің мұғалімі, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Көлтабан ауылдық округі Қораши ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған;

3. Спанов Қайырғали Қазақбайұлы, 1981 жылы дүниеге келген, Байғанин ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылдық округі Қарауылкелді ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.

Қызылбұлақ ауылдық округі бойынша:

1. Жақасов Қайрат Тоғызбайұлы, 1981 жылы дүниеге келген, Байғанин аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылдық округі Қарауылкелді ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.

Сартоғай ауылдық округі бойынша:

1. Әбдіров Нұрбек Гайдарұлы, 1986 жылы дүниеге келген, Байғанин ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылдық округі Қарауылкелді ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.

2. Махан Асқар Бітімбайұлы, 1975 жылы дүниеге келген, Сартоғай ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Сартоғай ауылдық округі Алтай батыр ауылының тұрғыны, «Nur Otan» саяси партиясы ұсынған.

Байғанин ауданының ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы хабар – 05.07.2021
Дата публикации
05 июля 2021