Ауданның жергілікті атқарушы органдарындағы жұмыс уақытының режимі туралы

Ауданның жергілікті атқарушы органдарындағы жұмыс уақытының режимі туралы

Қазақстан  Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы  №148 “Қазақстан  Республикасындағы жергілікті мемлекеттік  басқару және өзін-өзі басқару туралы” заңының 37 бабына, 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Еңбек кодексінің 71 бабына сәйкес:

1. 2021 жылдың 7 шілдесінен бастап ауданның жергілікті атқарушы органдарындағы жұмыс уақытының режимі сағат 12.00-ден 13.30-ға дейін түскі үзілісі бар, сағат 8.30-дан 18.00-ге дейін болып белгіленсін.

2. Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және өңірлік даму құрылымдық бөлімшесі тұрғындарды хабардар ету мақсатында жұмыс уақыты режимінің өзгерістері туралы аудан әкімдігінің веб-сайтына және аудандық газетке хабарландыру жарияласын.

3. Осы өкімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Жанинге жүктелсін.

Негіздеме: Облыс әкімі О.Оразалиннің 2021 жылғы 1 шілдедегі №164-ө өкімі.

Ауданның жергілікті атқарушы органдарындағы жұмыс уақытының режимі туралы
Дата публикации
02 июля 2021