Байғанин ауданы Ащы ауылдық округіне қарасты Ноғайты ауылына карантин белгілеу туралы

Байғанин ауданы Ащы ауылдық округіне қарасты Ноғайты ауылына карантин белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35  бабына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 30 маусымдағы №02-09-04/112 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан қарасан ауруы анықталуына байланысты, Байғанин ауданы Ащы ауылдық округіне қарасты Ноғайты ауылына карантин белгіленсін.

2. «Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ащы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Байғанин ауданы Ащы ауылдық округіне қарасты Ноғайты ауылына карантин белгілеу туралы
Дата публикации
02 июля 2021