Байғанин ауданының ауылдық округ әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы қаулы

Байғанин аудандық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

Байғанин ауданының ауылдық округ әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 2) тармақшасына сәйкес Байғанин аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

1. 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған, Байғанин ауданының Көлтабан, Қызылбұлақ, Сартоғай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.

2. Күнтізбелік жоспар Байғанин аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде жариялансын.

Байғанин ауданының ауылдық округ әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы қаулы
Дата публикации
26 июня 2021