Байғанин ауданының ауылдық округ әкімдерін сайлау жөнінде сайлау округтерін құру туралы қаулы

Байғанин аудандық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

Байғанин ауданының ауылдық округ әкімдерін сайлау жөнінде сайлау округтерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Байғанин аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

1. Байғанин ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау жөнінде мынадай сайлау округтері құрылсын:

1) Көлтабан ауылдық округінің әкімін - Көлтабан ауылдық округінің шекараларында Көлтабан сайлау округі;

2) Қызылбұлақ ауылдық округінің әкімін - Қызылбұлақ сайлау округінің шекараларында Қызылбұлақ сайлау округі;

3) Сартоғай ауылдық округінің әкімін - Сартоғай ауылдық округінің шекараларында Сартоғай сайлау округі.

2. Сайлау округтерінің тізімі олардың шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Байғанин аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Жем-Сағыз» газетінде жариялансын.

Байғанин ауданының ауылдық округ әкімдерін сайлау жөнінде сайлау округтерін құру туралы қаулы
Дата публикации
25 июня 2021