Байғанин ауданының ауылдық округ әкімдерінің сайлауын 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындау туралы қаулы

Байғанин аудандық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

Байғанин ауданының ауылдық округ әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Байғанин аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

1. Байғанин ауданының мынадай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалсын:

- Көлтабан ауылдық округі әкімінің;

- Қызылбұлақ ауылдық округі әкімінің;

- Сартоғай ауылдық округі әкімінің.

2. Ауылдық округтердің әкіміне кандидаттарды ұсыну 2021 жылғы 26 маусымнан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2021 жылғы 9 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.

3. Ауылдық округтердің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2021 жылғы 14 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.

4. Осы қаулы Байғанин аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Жем-Сағыз» газетінде жариялансын.

Байғанин ауданының ауылдық округ әкімдерінің сайлауын 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындау туралы қаулы
Дата публикации
25 июня 2021