2021 жылғы 12 шілдеге тағайындалған Байғанин ауданы Қызылбұлақ ауылдық округінің әкімін сайлаудың күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 24 мамырдағы Конституциялық заңның қолданысқа енгізілуіне сәйкес Байғанин аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Байғанин аудандық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 24 мамырдағы № 2 «Өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты Байғанин ауданы Қызылбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» қаулысының күші жойылсын.