Өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты Байғанин ауданы Қызылбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты Байғанин ауданы Қызылбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы № 148 Заңы 36-1 бабының 10-тармағына сәйкес, Байғанин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты Қызылбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы 2021 жылдың 12 шілдеге тағайындалсын.

2. Ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну 2021 жылғы 12 – 16 маусым аралығында жүргізілсін.

3. Қызылбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауына дайындық және өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.

4. Осы қаулы Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясына және аудан әкіміне, аудандық мәслихат хатшысына жолдансын.

5. Аудандық «Жем-Сағыз» газетінде жариялансын.

Өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты Байғанин ауданы Қызылбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
24 мая 2021