Аудан әкімінің 2020 жылғы 30 шілдедегі №41 өкіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 « Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына сәйкес, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы ӨКІМ ЕТТІ:
1. Аудан әкімінің 2020 жылғы 30 шілдедегі №41 «Байғанин ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қадағалау жөніндегі мониторинг топтар құру туралы» өкімінің қосымшасы осы өкімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда оқылсын.
2. Осы өкімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
К.Утаров