Байғанин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қызылбұлақ ауылдық округі әкіміне кандидаттарды
тіркеу қорытындылары туралы
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес Байғанин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кызылбұлақ ауылдық округі әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:
1. Бисенбаев Әлібек Бисенбайұлы, 1989 жылы дүниеге келген, «Байғанин мансап орталығы» КММ, директор, «Әділет» партиясы» ҚБ Байғанин аудандық филиалы ұсынған.
2. Жылқыбаев Бағдат Абайұлы, 1989 жылы дүниеге келген, «Қопа ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, бас маман, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
3. Меделбаев Қуаныш Серікұлы, 1992 жылы дүниеге келген, «Байғанин аудандық әкімінің аппараты» ММ, терроризмге қарсы комиссия жұмысын жүргізу жөніндегі бас инспектор, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.