Байғанин аудандық мәслихат депутаттарының 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабына, 101-бабының 3 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/99 қаулысын басшылыққа ала отырып, Байғанин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Байғанин ауданында Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы Байғанин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
3. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Ж. Жанбырбаев
Хатшы Ж. Бакбергенов
Қарауылкелді ауылы
2026 жылғы 13 қазан
№24