Байғанин ауданы Қызылбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Байғанин аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы 2026 жылғы 8 қарашаға тағайындалсын.
2. Байғанин ауданы Қызылбұлақ ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну мерзімі 2026 жылғы 1 қазаннан басталып, 2026 жылғы 13 қазанда сағат он сегізде аяқталсын.
3. Байғанин ауданы Қызылбұлақ ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімі 2026 жылғы 18 қазанда сағат он сегізде аяқталсын.
4. Осы қаулы аудандық «Жем-Сағыз» газетінде жариялансын және аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға Ж. Жанбырбаев
Хатшы Ж. Бакбергенов
Қарауылкелді ауылы
2026 жылғы 30 қыркүйек
№16