Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы
Ерікті зейнетақы жарнасының ерекшелігі — зейнетақы жинағыңызды өз қалауыңызға қарай толықтыра аласыз. Жарна мөлшері мен оны аудару жиілігін әр адам өзі белгілейді. Ал жинақ бойынша төлемдерді белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпей-ақ алуға мүмкіндік бар.
Ерікті жарнаны азаматтың өзі де, жұмыс беруші де төлей алады. Жұмыс беруші аударған мұндай жарна қызметкердің табысы болып саналмайды және жеке табыс салығы салынбайды.
Жинақтарыңыз туралы ақпаратты enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен және БЖЗҚ/ЕНПФ мобильді қосымшасынан тексере аласыз.
2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктеріне ие болды
2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген, салымшылардың өз зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктерін кеңейтетін өзгерістер күшіне енді. Жаңа өзгерістерге сәйкес, енді салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады.
Бұл ретте МЗЖ және ЕЗЖ есебінен жинақтары бар салымшылар, сондай-ақ олар үшін МКЗЖ және ЕЗЖ аударылған жеке тұлғалар өздерінің сенімгерлік басқаруға берілетін жинақтарының көлемін дербес айқындауға, сондай-ақ қаржылық мақсаттарына сәйкес бір немесе бірнеше ИПБ-ны және бір немесе бірнеше инвестициял ық портфельді таңдауға құқылы.
Заңнамаға сәйкес, ИПБ үш инвестициялық портфельге дейін қалыптастыра алады: консервативті, қалыпты және тәуекелді. Олар тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімдері бойынша ерекшеленеді. Әртүрлі инвестициялық портфельдерді таңдау мүмкіндігі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 37-1-бабында бекітілген. Оларды қалыптастыруға қойылатын талаптарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушылардың сенімгерлік басқаруына беру тәртібі және инвестициялық мүмкіндіктер туралы толық ақпарат БЖЗҚ сайтында және invest.enpf.kz платформасында қолжетімді.
БЖЗҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен шартты бұзу туралы еске салады
БЖЗҚ 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «Halyk Global Markets» АҚ-ға зейнетақы активтерін басқаруға беру бойынша жаңа өтініштер қабылданбайтынын еске салады.
Бұл шешім компанияның БЖЗҚ-мен жасалған шартты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап өз бастамасымен бұзу туралы хабарлама жіберуіне байланысты қабылданды.
Бұған дейін «Halyk Global Markets» АҚ-ның басқаруына берілген зейнетақы жинақтары шарт тоқтатылғанға дейін компанияның басқаруында қала береді.
Шарт күшінде болған кезеңде басқарушы компания өз міндеттемелерін толық орындауға, оның ішінде инвестициялық стратегияны сақтауға және активтердің сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.
Шарт тоқтатылғаннан кейін басқарудағы зейнетақы активтері толық көлемде ақша түрінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беріледі. Егер теріс айырма қалыптасса, оны «Halyk Global Markets» АҚ толық көлемде өтеуге міндетті.
Салымшылар зейнетақы жинақтарын Ұлттық Банктің немесе басқа инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына аудара алады. Бұл ретте алдыңғы аударым жасалған күннен бастап кемінде бір жыл өтуі қажет.
2026 жылдың басынан бері:
* «Halyk Global Markets» АҚ-дан басқа басқарушы компанияларға 441 аударым жасалды. Жалпы сомасы –
765,5 млн теңге;
* Ұлттық Банктің басқаруына 881 аударым жасалды. Жалпы сомасы – 1,3 млрд теңге.
Бір салымшы зейнетақы жинақтарын басқа басқарушы компанияға немесе Ұлттық Банктің басқаруына бірнеше рет аудара алады.
Зейнетақы жинағы өз бақылауыңызда: БЖЗҚ салымшылары үшін жаңа мүмкіндіктер
2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап салымшылар зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) сенімгерлік басқаруға бере алады.
Қандай өзгерістер болады?
Салымшылар:
ИПБ-ға берілетін жинақ мөлшерін өздері белгілейді;
жинақтарын бірнеше басқарушыға бере алады.
Әр ИПБ салымшыларға үш түрлі инвестициялық портфельге дейін ұсына алады: консервативті, теңгерімді және тәуекелі жоғары. Олар тәуекел деңгейі, инвестиция құрамы және салым мерзімі бойынша ерекшеленеді.
Басқарушылардың табыстылық көрсеткіштерін салыстырып, инвестициялық стратегияларымен invest.enpf.kz платформасында танысуға болады.
Жинақты аудару туралы өтінішті:
📌enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте ЭЦҚ арқылы;
📌жеке басын куәландыратын құжатпен БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесінде беруге болады.
Өтініштің мәртебесін БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинеттен немесе мобильді қосымшадан көруге болады. Жинақ өтініш түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде ИПБ-ға аударылады.
Жинақты алдыңғы аударымнан кейін кемінде бір жыл өткен соң бір ИПБ-дан екіншісіне ауыстыруға немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруына қайтаруға болады.
Қадамдық нұсқаулық enpf.kz сайтында және БЖЗҚ-ның ресми YouTube арнасында қолжетімді. https://t.me/enpfkz/3854
Ауыл жастарының ұйымдастыруымен Шағын футболдан жарыс өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру, достық қарым-қатынасты нығайту және бұқаралық спортты дамыту.
Қопа ауылдық округінде «Таза бейсенбі» акциясы аясында саябақта тазалау және сырлау жұмыстары жүргізілді. Тазалық – баршамызға ортақ іс. Ауылымыздың тазалығы мен көркеюіне бірге үлес қосайық!
Қандай жағдайларда ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері автоматты түрде тағайындалады
2026 жылғы наурыздан бастап БЖЗҚ-да ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен төлемдерді өтінішсіз (проактивті) тәртіпте жүзеге асыру енгізілді.
Бұл нені білдіреді:
Егер ЕЗЖ есебінен жинақтарыңыз болса, зейнеткерлік жасқа жеткен кезде төлемдер БЖЗҚ-ға жеке өтініш бермей-ақ автоматты түрде тағайындалады.
Бұл келесі жағдайларда жүзеге асады:
— мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақыны рәсімдеу кезінде
— міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен төлемдерді рәсімдеу кезінде
Төлем тәртібі:
* егер жинақ сомасы ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса – біржолғы төлем ретінде төленеді (2026 жылы – 828 588 теңге)
* ал егер одан көп болса – міндетті жарналар есебінен жасалатын төлемдермен бірге таусылғанға дейін ай сайын төленеді.
Қажет болған жағдайда, алушы төлем тәртібін өзгерту үшін БЖЗҚ-ға жүгінуге құқылы.
Назар аударыңыз:
Проактивті тәртіп зейнеткерлік жасқа жеткен, бірақ бұған дейін ЕЗЖ есебінен төлемдерге жүгінбеген тұлғаларға қолданылады (соның ішінде 50 жасқа толған немесе мүгедектігі бар тұлғалар).
Бұл ретте:
50 жасқа толған немесе мүгедектігі бар азаматтар ЕЗЖ есебінен төлемдерді өз бетінше рәсімдей алады:
— enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы
— мобильді қосымшада
— Қор бөлімшелерінде
Жаңашылдық төлем алу үдерісін жеңілдетуге және жинақтардың пайдаланылмай қалу тәуекелін азайтуға бағытталған.
Толық ақпарат enpf.kz сайтында«Қызметтер» → «ЕЗЖ есебінен төлемдер» бөлімінде
Қаржылық сауаттылықты неден бастауға болады?
БЖЗҚ сайтында «Қаржылық сауаттылық» бөлімі бар. Мұнда бәрі жеңіл әрі түсінікті тілмен жазылған. Зейнетақы жүйесі қалай жұмыс істейді, жинақ қалай қалыптасады және бүгіннен бастап нені ескерген дұрыс, бәрін осы жерден біле аласыз.
Сақтап қойыңыз
Толығырақ enpf.kz сайтында
❓БЖЗҚ мобильді қосымшасын пайдаланасыз ба?
Қосымшаның қаншалықты ыңғайлы екенін сіздің пікіріңіз арқылы білгіміз келеді.
Қолдану ыңғайлы ма?
Қай тұсын жақсартқан дұрыс?
Сауалнама БЖЗҚ мобильді қосымшасының ішінде қолжетімді.
Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 100 мыңнан астам азаматы үшін БЖЗҚ-ға жарналар аударылды
2021 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттер қол қойған Келісім күшіне енді. Осы Келісімге сәйкес, аталған елдердің азаматтары Одаққа мүше мемлекеттердің аумағында ресми түрде жұмыс істеген жағдайда, олардың еңбек өтілі мен зейнетақы жинақтары есептеліп, сақталады.
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда:
Қазақстан Республикасының аумағында еңбек шарттары негізінде еңбек қызметін жүзеге асыратын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 105 029 азаматы үшін БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналары аударылды.
Сонымен қатар:
∙ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарына зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша 291 өтініш орындалды.
Оның ішінде:
∙ 266 азаматқа Қазақстан заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалды;
∙ 25 мұрагерге еңбек етушілердің қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалды.