GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Әкім аппараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
15 октября 2026
Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы

Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы

Ерікті зейнетақы жарнасының ерекшелігі — зейнетақы жинағыңызды өз қалауыңызға қарай толықтыра аласыз. Жарна мөлшері мен оны аудару жиілігін әр адам өзі белгілейді. Ал жинақ бойынша төлемдерді белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпей-ақ алуға мүмкіндік бар.

Ерікті жарнаны азаматтың өзі де, жұмыс беруші де төлей алады. Жұмыс беруші аударған мұндай жарна қызметкердің табысы болып саналмайды және жеке табыс салығы салынбайды.

Жинақтарыңыз туралы ақпаратты enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен және БЖЗҚ/ЕНПФ мобильді қосымшасынан тексере аласыз.

08 сентября 2026
2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктеріне ие болды

2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктеріне ие болды
2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген, салымшылардың өз зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктерін кеңейтетін өзгерістер күшіне енді. Жаңа өзгерістерге сәйкес, енді салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады.
Бұл ретте МЗЖ және ЕЗЖ есебінен жинақтары бар салымшылар, сондай-ақ олар үшін МКЗЖ және ЕЗЖ аударылған жеке тұлғалар өздерінің сенімгерлік басқаруға берілетін жинақтарының көлемін дербес айқындауға, сондай-ақ қаржылық мақсаттарына сәйкес бір немесе бірнеше ИПБ-ны және бір немесе бірнеше инвестициял ық портфельді таңдауға құқылы.
Заңнамаға сәйкес, ИПБ үш инвестициялық портфельге дейін қалыптастыра алады: консервативті, қалыпты және тәуекелді. Олар тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімдері бойынша ерекшеленеді. Әртүрлі инвестициялық портфельдерді таңдау мүмкіндігі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 37-1-бабында бекітілген. Оларды қалыптастыруға қойылатын талаптарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушылардың сенімгерлік басқаруына беру тәртібі және инвестициялық мүмкіндіктер туралы толық ақпарат БЖЗҚ сайтында және invest.enpf.kz платформасында қолжетімді.

08 сентября 2026
БЖЗҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен шартты бұзу туралы еске салады

БЖЗҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен шартты бұзу туралы еске салады

БЖЗҚ 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «Halyk Global Markets» АҚ-ға зейнетақы активтерін басқаруға беру бойынша жаңа өтініштер қабылданбайтынын еске салады.

Бұл шешім компанияның БЖЗҚ-мен жасалған шартты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап өз бастамасымен бұзу туралы хабарлама жіберуіне байланысты қабылданды.

Бұған дейін «Halyk Global Markets» АҚ-ның басқаруына берілген зейнетақы жинақтары шарт тоқтатылғанға дейін компанияның басқаруында қала береді.

Шарт күшінде болған кезеңде басқарушы компания өз міндеттемелерін толық орындауға, оның ішінде инвестициялық стратегияны сақтауға және активтердің сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.

Шарт тоқтатылғаннан кейін басқарудағы зейнетақы активтері толық көлемде ақша түрінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беріледі. Егер теріс айырма қалыптасса, оны «Halyk Global Markets» АҚ толық көлемде өтеуге міндетті.

Салымшылар зейнетақы жинақтарын Ұлттық Банктің немесе басқа инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына аудара алады. Бұл ретте алдыңғы аударым жасалған күннен бастап кемінде бір жыл өтуі қажет.

2026 жылдың басынан бері:
* «Halyk Global Markets» АҚ-дан басқа басқарушы компанияларға 441 аударым жасалды. Жалпы сомасы –
765,5 млн теңге;
* Ұлттық Банктің басқаруына 881 аударым жасалды. Жалпы сомасы – 1,3 млрд теңге.

Бір салымшы зейнетақы жинақтарын басқа басқарушы компанияға немесе Ұлттық Банктің басқаруына бірнеше рет аудара алады.

22 апреля 2026
Байғанин ауданының әкімі А.Купеновтің және ауылдық округ әкімдерінің аудан тұрғындарымен кездесулерін өткізу кестесі

«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығына сәйкес Байғанин ауданының әкімі А.Купеновтің және ауылдық округ әкімдерінің аудан тұрғындарымен кездесулерін өткізу кестесі

22 апреля 2026
Интернет алаяқтық пен жемқорлыққа байланысты тұрғындарға түсіндірме жүргізілді

22- сәуір күні, Көлтабан ауылдық округіңде ғаламтор алаяқтық пен жемқорлыққа байланысты ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

22 апреля 2026
Жаңа полиция қызметкері — Көздібай Алмат Тілеубергенұлы өз қызметіне кірісті.

Көлтабан ауылдық округінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жаңа полиция қызметкері — Көздібай Алмат Тілеубергенұлы өз қызметіне кірісті.

Тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау – басты міндеттердің бірі. Осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп, құқықтық тәртіпті нығайтуға ерекше көңіл бөлінуде.

Құрметті округ тұрғындары! Кез келген сұрақтар мен ұсыныстар бойынша Көздібай Алмат Тілеубергенұлы мырзаға жүгінуге болады.

07 апреля 2026
Қандай жағдайларда ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері автоматты түрде тағайындалады

Қандай жағдайларда ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері автоматты түрде тағайындалады

2026 жылғы наурыздан бастап БЖЗҚ-да ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен төлемдерді өтінішсіз (проактивті) тәртіпте жүзеге асыру енгізілді.

Бұл нені білдіреді:

Егер ЕЗЖ есебінен жинақтарыңыз болса, зейнеткерлік жасқа жеткен кезде төлемдер БЖЗҚ-ға жеке өтініш бермей-ақ автоматты түрде тағайындалады.
Бұл келесі жағдайларда жүзеге асады:
— мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақыны рәсімдеу кезінде
— міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен төлемдерді рәсімдеу кезінде

Төлем тәртібі:
* егер жинақ сомасы ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса – біржолғы төлем ретінде төленеді (2026 жылы – 828 588 теңге)
* ал егер одан көп болса – міндетті жарналар есебінен жасалатын төлемдермен бірге таусылғанға дейін ай сайын төленеді.

Қажет болған жағдайда, алушы төлем тәртібін өзгерту үшін БЖЗҚ-ға жүгінуге құқылы.

Назар аударыңыз:

Проактивті тәртіп зейнеткерлік жасқа жеткен, бірақ бұған дейін ЕЗЖ есебінен төлемдерге жүгінбеген тұлғаларға қолданылады (соның ішінде 50 жасқа толған немесе мүгедектігі бар тұлғалар).

Бұл ретте:
50 жасқа толған немесе мүгедектігі бар азаматтар ЕЗЖ есебінен төлемдерді өз бетінше рәсімдей алады:
— enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы
— мобильді қосымшада
— Қор бөлімшелерінде

Жаңашылдық төлем алу үдерісін жеңілдетуге және жинақтардың пайдаланылмай қалу тәуекелін азайтуға бағытталған.

Толық ақпарат enpf.kz сайтында«Қызметтер» → «ЕЗЖ есебінен төлемдер» бөлімінде

07 апреля 2026
Қаржылық сауаттылықты неден бастауға болады?

Қаржылық сауаттылықты неден бастауға болады?

БЖЗҚ сайтында «Қаржылық сауаттылық» бөлімі бар. Мұнда бәрі жеңіл әрі түсінікті тілмен жазылған. Зейнетақы жүйесі қалай жұмыс істейді, жинақ қалай қалыптасады және бүгіннен бастап нені ескерген дұрыс, бәрін осы жерден біле аласыз.
Сақтап қойыңыз
Толығырақ enpf.kz сайтында

07 апреля 2026
БЖЗҚ мобильді қосымшасын пайдаланасыз ба?

БЖЗҚ мобильді қосымшасын пайдаланасыз ба?
Қосымшаның қаншалықты ыңғайлы екенін сіздің пікіріңіз арқылы білгіміз келеді.

Қолдану ыңғайлы ма?
Қай тұсын жақсартқан дұрыс?

Сауалнама БЖЗҚ мобильді қосымшасының ішінде қолжетімді.
Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды.

07 апреля 2026
БЖЗҚ-ға жарналар аударылды

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 100 мыңнан астам азаматы үшін БЖЗҚ-ға жарналар аударылды

2021 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттер қол қойған Келісім күшіне енді. Осы Келісімге сәйкес, аталған елдердің азаматтары Одаққа мүше мемлекеттердің аумағында ресми түрде жұмыс істеген жағдайда, олардың еңбек өтілі мен зейнетақы жинақтары есептеліп, сақталады.

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда:

Қазақстан Республикасының аумағында еңбек шарттары негізінде еңбек қызметін жүзеге асыратын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 105 029 азаматы үшін БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналары аударылды.

Сонымен қатар:

∙ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарына зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша 291 өтініш орындалды.

Оның ішінде:

∙ 266 азаматқа Қазақстан заңнамасына сәйкес зейнеткерлік жасқа толуына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалды;

∙ 25 мұрагерге еңбек етушілердің қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы