Сілтемелер арқылы ыңғайлы цифрлық қызметтерді пайдалана отырып, қай сайлау учаскесінде дауыс беру қажет екенін біліңіз:
• Telegram-бот — https://t.me/Akimat04bot
Егер сіз 55 жасқа толсаңыз, онда сіз міндетті кәсіби зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін ала аласыз. Ол үшін сіздің жұмыс берушіңіз зиянды еңбек жағдайындағы қызметіңіз үшін 84 айдан астам уақыт бойы МКЗЖ аударған болуы тиіс.
55 жастан бастап төлемдерді алу үшін, зиянды еңбек жағдайындағы қызметті тоқтату, немесе зиянды факторлардың әсері болмайтын басқа жұмысқа ауысу қажет.
Зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін жұмыс берушіге еңбек келісімшартын тоқтату немесе басқа жұмысқа ауысу туралы өтініш беру жеткілікті. 📝
2024 жылдың 1 қаңтарына дейін зиянды еңбек жағдайында жұмыс істемегендер, бірақ 55 жастан асқан және 84 айдан астам уақыт бойы төленген МКЗЖ бар азаматтар ХҚКО-ға жүгіне алады.
2024 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі шамамен 21 179,1 млрд теңге.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері:
🔸 МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ бойынша - 20 950,2 млрд теңге, жыл басынан бері инвестициялық кіріс – 2,12 трлн теңге
🔸ЖМЗЖ бойынша – 169,20 млрд теңге, жыл басынан бері инвестициялық кіріс – 9,19 млрд теңге
2024 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Инвестициялық портфельді басқарушылардың зейнетақы активтері 59,7 млрд теңге:
🔹 «Jusan Invest» АҚ - 9,8 млрд теңгеге жуық. Жыл басынан бері зейнетақы активтерінің инвестициялық кірісі – 1067,94 млн теңге.
🔹 «Halyk Global Markets» АҚ - 4,4 млрд теңге. Жыл басынан бері зейнетақы активтерінің инвестициялық кірісі - 445,10 млн теңге.
🔹 «BCC Invest» АҚ – 5,2 млрд теңге. Жыл басынан бері зейнетақы активтерінің инвестициялық кірісі - 497,08 млн теңге.
🔹 «Сентрас Секьюритиз» АҚ - 1,6 млрд теңге. Жыл басынан бері зейнетақы активтерінің инвестициялық кірісі - 157,05 млн теңге.
🔹 «Қазақстанның Халық банкі “ЕҰ” «Halyk Finance» АҚ – 38,7 млрд теңге. Жыл басынан бері зейнетақы активтерінің инвестициялық кірісі - 3 666 млн теңге.
🔸Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен берілетін зейнетақы төлемдері екі шарт орындалған жағдайда тағайындалатын болады:
1⃣ Зейнет жасына толғанда немесе I және II топтағы мерзімсіз мүгедектік белгіленген жағдайда
2⃣ Кем дегенде 5 жыл бойы жарналардың болуы, яғни егер жұмыс берушілеріңіз сіз үшін кемінде 60 ай бойы ЖМЗЖ аударған болса.
🔸 Ай сайынғы төлемдердің ең жоғары мөлшері екі ең төменгі күнкөріс деңгейін құрайды және мұндай төлемдер өмір бойы жүзеге асырылады.
🔸 Егер сіздің жұмыс берушіңіз зейнетақы жарналарының міндетті түрлерін аудармаса, Мемлекеттік кірістер комитетіне жүгіну қажет.
Егер сізде БЖЗҚ-да зейнетақы шотыңыз бар болса, онда жеке деректеріңіз өзгерген жағдайда Қорды хабардар ету маңызды. Ол төлемдер мен басқа да қызметтерді алуға әсер етуі мүмкін.
Өзекті деректер өзгерген сәттен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде ұсынылуы тиіс.
Бұл қандай деректерге қатысты?
🔹 Тұрғылықты мекенжайы, электрондық пошта және телефон нөмірі
🔹 Банк деректемелері, егер олар төлем туралы өтініште көрсетілген болса.
Жеке деректерді қалай жаңартуға болады?
🔹Жеке өзі немесе үшінші тұлға арқылы БЖЗҚ-ның кез келген кеңсесінде.
🔹Пошта немесе электрондық пошта арқылы (электрондық пошта мен телефон нөмірін өзгертуден басқа барлық деректер үшін).
🔹enpf.kz сайтындағы және БЖЗҚ ұялы қосымшасындағы жеке кабинет арқылы.
Егер деректер мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қолжетімді болса, олар автоматты түрде жаңартылуы мүмкін.
Төменде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, сіздің зейнетақы жинақтарыңыз туралы ақпарат сіздің келісіміңізсіз ешкімге берілмейді.
ҚР Әлеуметтік Кодексінің 55-бабына сәйкес, сіздің жеке зейнетақы шотыңыздағы зейнетақы жинақтарыңыз туралы ақпаратты төменде аталғандар ала алады:
🔹Сіз өзіңіз — салымшы немесе зейнетақы төлемдерін алушы ретінде.
🔹Сенім білдірілген тұлға —сенім білдірілген адамдарыңыз сіздің жинақтарыңыз туралы ақпаратты нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде ала алады.
🔹Мемлекеттік органдар — мысалы, сотқа дейінгі тергеу органдары, соттар немесе прокурорлар, бірақ тек өз өкілеттіктері шеңберінде және қылмыстық істер немесе тергеулер жағдайында.
🔹Қаржылық бақылау және аудит органдары — зейнетақы қорының қызметін тексеру үшін немесе салымшының/алушының сұрауы бойынша.
🔹Мұрагерлер — салымшы/алушы қайтыс болған жағдайда, мұрагерлікке құқық туралы куәліктің негізінде ақпарат ала алады.
🔹Нотариустар мен шетелдік консулдық мекемелер — олардың іс жүргізуінде жатқан мұрагерлік істер бойынша сұрау салу арқылы ақпарат ала алады.
Зейнетақы шотынан алынатын үзінді көшірме сіздің жинақтарыңыз туралы толық ақпаратты қамтиды:
🔹Сұратылған кезеңнің басындағы және соңындағы жинақтарыңыздың сомасы, бұл сіздің зейнетақы капиталыңыздың қалай көбейгендігін көрсетеді.
🔹Кезеңнің басында және соңында есептелген инвестициялық кіріс, яғни инвестициялау нәтижесінде қанша ақшаның түскенін көресіз.
🔹Зейнетақы жарналарының барлық түрлері туралы мәлімет, жүргізілген операциялардың күнімен қоса көрсетіледі.
🔹Сіздің шотыңыздағы күні көрсетілген барлық аударымдар туралы ақпарат.
🔹Тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЖТ) жүзеге асыру үшін қолжетімді міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының сомасы.
🔹Инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) сенімгерлік басқаруға беру үшін қолжетімді зейнетақы жинақтарының сомасы.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тарапынан азаматтардың құқықтарымен мүдделерінің қорғалуына ерекше назар беріледі.
Агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі - халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіру болып табылады.
Бұл ретте, азамат М. Ақтөбе облысы бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына көлік құралын тіркеу үшін жүгінген.
Қызмет алу барысында, ол ҚР Салық кодексінің 622-бабы 5) тармақшасына сәйкес, яғни мүгедектігі бар баланың әкесі болғандықтан, мемлекеттік БАЖ төлеуден босатылғандығы туралы мәлімдеген.
Алайда, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесінде қызмет алушының жеңілдіктері туралы мәлеметтер шықпаған соң, оған мемлекеттік БАЖ-дың толық мөлшерін төлеуге тура келді.
Алайда, азамат М. мұндай жағдаймен келіспей, Департаментке шағым жолдаған болатын. Шағым негізінде қызмет берушіге қатысты жоспардан тыс тексеру ашылып, тексеріс қорытындысымен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесінде жеңілдіктері бар түлғаларға қатысты толық мәліметтерді көрсетпеу салдарынан, мемлекеттік БАЖ толығымен алынғандығы анықталды.
Осыған сәйкес, Департаментпен қызмет алушыға мемлекеттік БАЖ сомасы толығымен қайтару туралы ұсыным енгізіліп, бұзылған құқықтарын толықтай қалпына келтірді.
Жоғарыдағылардың негізінде, егерде Сіз негізсіз бас тарту, артық құжаттарды талап ету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің талаптарын бұзу немесе қызмет беруші ұйымдары тарапынан белгіленген мерзімде шағымыңызға жауап бермеу фактілермен кезіккен жағдайда, Департаментке Ақтөбе қаласы, Әбілқайырхан даңғылы 40 мекенжайы бойынша немесе 55-09-68, 54-56-57 телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы жүгінуге болатындығын жеткіземіз.
Мархабат Ерсаматұлы Жонысов – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы.
Алаяқтықтың алдын алу бойынша «Теміржол Су Ақтөбе» ЖШС су айдау мекемесінің қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді