2026 жылғы 22 қыркүйекте Ақтөбе–Астрахань автожолының 310-шақырымында қараусыз жүрген үй жануарлары арнайы қамалып, олардың иелері анықталды.
Үй жануарларын қараусыз жіберуге жол бермеу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті шаралар қабылданып, жануар иелеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік айыппұл салынды.
Үй жануарларының жол бойында қараусыз жүруі жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін. Осыған байланысты мал иелеріне малды қараусыз қалдырмау және қауіпсіз ұстау қажеттігі ескертіледі.