Ащы ауылдық округі бойынша елді мекеннің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, көгалдандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында «Заң мен Тәртіп» қағидаттарын сақтау, ауыл аумағында тазалықты қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу жөнінде тұрғындарға түсіндірілді.
Тұрғындарға елді мекеннің тазалығы мен қоғамдық тәртібін сақтау – ортақ міндет екендігі айтылды.