Ащы ауылдық округі аумағында ауыл әкімшілігі, учаскелік полиция инспекторы және ветеринариялық станция мамандарының бірлесуімен ауыл тұрғындарына тиесілі жылқы малдарын бірдейлендіру жұмыстары жүргізілуде.
Осыған байланысты жылқы малдарының иелеріне ветеринариялық станция мекемесіне келіп, тиісті өтініш беріп, тіркеу нөмірлерін алу қажеттігі хабарланады. Сонымен қатар, жылқы малдарына табро басу немесе чип орнату арқылы бірдейлендіру жұмыстарын жүргізу қажет.
Құрметті ауыл тұрғындары, жылқы малдарын уақытылы тіркеуден өткізіп, бірдейлендіру жұмыстарын заң талаптарына сәйкес жүргізулеріңізді сұраймыз.