Ауыл тұрғындары арасында интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында жергілікті полиция инспекторымен бірлесіп түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында тұрғындарға алаяқтардың кең таралған тәсілдері, күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға жауап бермеу, бөгде тұлғаларға жеке деректерді, банк картасының мәліметтері мен SMS арқылы келетін кодтарды бермеу қажеттілігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, азаматтарға алаяқтықтың алдын алу бойынша арнайы жадынамалар таратылды.