Жергілікті полиция инспекторымен бірлесе, ауыл тұрғындары арасында ауыл шаруашылығы жануарларын міндетті түрде бірдейлендіру құралдарымен (құлақ сырғасымен) таңбалау, малдарды қараусыз және бақылаусыз жайылымға жібермеу, сондай-ақ ауылішілік және автомобиль жолдарына малдың шығуына жол бермеу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тұрғындарға мал иелері тарапынан белгіленген талаптарды сақтау қажеттігі ескертілді.