«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы және «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Ащы ауылдық округінде санитарлық тазалықты сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және абаттандыру талаптарының орындалуын бақылау мақсатында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ауыл тұрғындарына қоршаған ортаны таза ұстау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға шығару, қоғамдық орындардың тазалығын сақтау, өз ауласы мен іргелес аумақты күтіп ұстау, сондай-ақ қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау жөнінде кеңінен түсіндірілді.
Таза әрі көрікті ауыл – әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Табиғатты қорғау мен тазалық мәдениетін қалыптастыру – баршамыздың азаматтық міндетіміз.