🔷 Жоба Байғанин аудандық әкімдігі мен «Сағыз Петролеум Компания» ЖШС арасында жасалған өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылды. Нысанның құрылысын «Сағыз Петролеум Компания» ЖШС демеушілік жасап, өз қаражаты есебінен салды.
🔷 Жаңа өрт сөндіру бекеті Ноғайты және Айрық ауылдарына қызмет көрсетіп, 1600-ден астам тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
🔷 Бекет ЗИЛ-131 өрт сөндіру автокөлігімен, арнайы өрт-техникалық жабдықтармен және заманауи байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары ерікті өрт сөндірушілердің кәсіби даярлығын жетілдіру мақсатында тұрақты түрде теориялық және практикалық оқу-жаттығулар өткізеді.
🔷 Нысан тәулік бойы жұмыс істеуге бейімделген. Мұнда кезекші құрамның қызмет атқаруына және тынығуына қолайлы жағдай жасалып, арнайы техниканы сақтауға арналған гараж мен қажетті тұрмыстық бөлмелер қарастырылған.
🔷 Ерікті өрт сөндіру бекетінің ашылуы Ноғайты ауылдық округіндегі өрт қауіпсіздігін күшейтіп, өрттер мен өзге де төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігін арттырады. Сонымен қатар, табиғи және дала өрттерінің алдын алу жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға және ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін одан әрі нығайтуға маңызды үлес қосады.